Еліміздің басым бөлігінде 1 шілдеде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның басым бөлігінде 1 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда 1 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болатыны болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа оййыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде 1 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15 м/с қамтиды.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 1 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 1 шілдеде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 1 шілдеде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 1 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік- шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 1 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 1 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 1 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 1 шілдеде күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 1 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 1 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 1 шілдеде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстансоққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 1 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 1 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 1 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түнде облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысындағы екпіні 23 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 1 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 1 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 1 шілдеге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды

Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды