Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды
Фото: freepik
2026 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) азаматтарды кредиттік алаяқтықтан қорғау жөнінде маңызды кеңестер берді.
Агенттік қазақстандықтарға кредит рәсімдеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салып, алаяқтардың құрбаны болмас үшін қорғаныс тетіктерін алдын ала іске қосуды ұсынды. Сонымен қатар ведомство қарыз рәсімдеу кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Алаяқтық жолмен кредиттер ресімдеу тәуекелін төмендету үшін:
- kz порталында eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы "Стоп кредит" қызметін қосыңыз. Бұл сіздің атыңызға кредит ресімдеу ықтималдығын бақылауға мүмкіндік береді
- Өз кодыңыз бен құпиясөзіңізді құпия сақтаңыз. Қоңырау шалушы өзін банктің, қауіпсіздік қызметінің немесе мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде таныстырса да, ешқашан және ешкімге SMS-кодтарды, PIN-кодтарды, бір реттік құпиясөздерді (OTP) немесе Secure-кодтарды бермеңіз.
- Белгісіз адамдардың өтініші бойынша телефоныңызға немесе компьютеріңізге қашықтан кіру бағдарламасын орнатпаңыз.
- SMS, мессенджерлер немесе жарнамалардан күмәнді сілтемелерге кірмеңіз.
- Онлайн-банкингке және басқа да сервистерге кіру үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
- Кредиттік бюроларда өзіңіздің кредиттік есебіңізді ұдайы тексеріп отырыңыз – бұл ресімдеуге рұқсат берілмеген қарыздарды уақтылы анықтауға көмектеседі.
Осы нұсқауларды басшылыққа ала отырып, сіз кредиттік алаяқтардың қолына түсу қаупін едәуір азайтасыз. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
2026 жылғы 29 маусымда Бас прокуратура қазақстандықтарды қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупіне байланысты банк карталарын шұғыл тексеруге шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript