Қырғызстан жанармай жеткізу мәселесіне байланысты Қазақстанға ресми түрде жүгінді

Фото: Zakon.kz
Қырғызстан жанармай жеткізу мәселесіне қатысты Қазақстанға, Ресейге, Өзбекстанға және басқа да елдерге ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстанның Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елде жанар-жағармай қоры жеткілікті деңгейде қалыптастырылған. Жанар-жағармай өнімдері бұған дейін жасалған келісімшарттарға сәйкес тұрақты түрде жеткізіліп жатыр.

"Қырғыз Республикасы жанар-жағармай өнімдерінің негізгі бөлігін импорттайды. Сондықтан әлемдік энергетика нарығындағы өзгерістер, оның ішінде Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс, халықаралық логистикадағы тәуекелдер және мұнай бағасының өсуі еліміздің ішкі нарығына әсер етіп отыр", – деп мәлімдеді Қырғызстанның Энергетика министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, Қырғызстан Министрлер кабинеті мен Энергетика министрлігі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамту үшін қажетті шараларды жедел қабылдап жатыр.

"Тұрақты жанармай жеткізілімін сақтау үшін Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Әзербайжан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікменстанның уәкілетті мемлекеттік органдарына ресми өтініштер жолданды. Сонымен қатар, жанармай жеткізу көздерін әртараптандыру және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша келіссөздер жүргізілуде деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді