"11 шілдеде Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.