Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с. 11-15 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Күндіз 36-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазғанда күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. 11-15 шілдеде күндіз Ұлытау облысында 36-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 11-14 шілдеде күндіз облыс бойынша 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 12-15 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 12-16 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 11-15 шілде аралығында күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Конаев қ.: 11 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 11 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. 11-15 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. 11-12 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 12–15 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Петропавлда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. 11-15 шілдеде күндіз 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 11-15 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 11-15 шілдеде күндіз 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 12-15 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 12-15 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. 11-13 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық, 14-15 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанайда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 11 шілдеде күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық, 12-15 шілдеде күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. 11-14 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 11-17 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 11-17 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Астанада күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.