Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 19:13 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстіктен-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде сақталады.

Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында, солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тау және тау бөктері аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қонаевта күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 04 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік -батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: