Бүгін, 14 шілдеде "Союз" зымыраны Байқоңырдан ғарышқа ұшырылады

Сурет: Роскосмос
14 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 19:48-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) аттанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, негізгі экипаж құрамына ресейлік ғарышкерлер Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон енді.

Ғарыш кемесінің командирі болып Петр Дубров тағайындалды. Бұл оның ғарышқа екінші рет ұшуы болмақ. Алғашқы экспедициясы кезінде ол Жер орбитасында 355 тәуліктен астам уақыт болып, ашық ғарышқа төрт рет шыққан.

Анна Кикина да Халықаралық ғарыш станциясына екінші мәрте аттанады. Ол 2022 жылы Crew-5 миссиясы аясында Crew Dragon ғарыш кемесімен ғарышқа ұшқан болатын.

Ал Анил Менон үшін бұл алғашқы ғарыш сапары болмақ.

Сурет: Роскосмос

Алдын ала жоспар бойынша, экспедиция 261 тәулікке созылады.

Бұған дейін Бірегей ғарыш обсерваториясы Жерге құлауы мүмкін екенін, оны құтқару үшін бұрын-соңды болмаған операция басталатындығын жазғанбыз.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кете жаздады