Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Zakon.kz
Ақан Сері көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты 14 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілген барлық уақытша шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" қосымшаларында жарияланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты