ОСК Құрылтай сайлауына алғашқы партиялық тізімді тіркеді

Фото: Zakon.kz
ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов 2026 жылғы 16 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясының Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған партиялық тізімін тіркегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 7 шілдеде Respublica партиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін партиялық тізімді ұсынуға қажетті барлық құжаттарды тапсырған.

"Respublica партиясы партиялық тізімге 76 адамды енгізді. Орталық сайлау комиссиясының мемлекеттік органдарға жіберген сұрауы негізінде кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімнен өз еркімен шығу туралы бір кандидат – Сәния Темірғалиеваның өтінішін тіркеді. Бұл өтініш 11 шілдеде келіп түсті", – деді Шавхат Өтемісов.

Оның айтуынша, осы жағдайды ескере отырып, ұсынылған қаулы қабылданған жағдайда Respublica партиясының Құрылтай сайлауына арналған тізімінде 75 кандидат қалады.

"Олардың ішінде 38 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар тұлғалар, олар 50,7 пайызды құрайды. Заңда белгіленген квота сақталды. Партиялық тізімге енгізілген барлық тұлғалар Конституция мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді. "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 78-бабы 2-тармағына сәйкес, Парламент депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. Respublica партиясы VIII шақырылымдағы Парламент депутаттарын сайлау кезінде 8,59 пайыз дауыс жинады. Осыған байланысты Respublica партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады", – деп толықтырды Шавхат Өтемісов.

Бұған дейін Құрылтай сайлауында қай партиялар сайлау жарнасын төлейтіндігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау ережесіне өзгерістер енгізілді

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді