Қарағандыда бейнебақылау көмегімен көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда цифрлық технологиялардың тиімділігі тағы бір мәрте дәлелденді. Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер автокөлікті заңсыз иелену дерегін қысқа мерзімде ашып, күдіктілерді ұстады.

Полицияға 60 жастағы қала тұрғыны жүгініп, кешке үйінің ауласына қойған автокөлігін таңертең орнынан таппағанын хабарлаған.

Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын бастады. Оқиғаның мән-жайын анықтауда бейнебақылау камераларының жазбалары шешуші рөл атқарды.

Полицейлер бейнематериалдарды мұқият саралап, қылмыстың жасалған уақытын нақты белгілеп, күдіктілердің қозғалыс бағытын кезең-кезеңімен анықтады. Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде автокөлік соңғы анықталған мекенжайдан табылды.

Көп ұзамай жедел уәкілдер күдіктілердің де ізіне шықты. Олар көрші көшеде тұратын 19 жастағы жігіт пен оның досы болып шықты. Ұсталған азаматтар өз кінәларын мойындап, тиісті жауаптарын берді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды