Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Фото: Zakon.kz
Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде кері бағыттағы қозғалыс (реверсивті қозғалыс) ұйымдастырылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және белгіленген жылдамдық режимін қатаң ұстануды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" қосымшаларында жарияланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты