Алматыда дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған төрт жастағы баланы аман алып қалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан құлап, ауыр жарақат алған төрт жастағы балаға күрделі нейрохирургиялық ота жасап, аман алып қалды.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Бала аурухананың қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді. Тексеру барысында дәрігерлер оған көптеген жарақат, соның ішінде жұлынға қысым түсірген бірінші бел омыртқасының ығысқан компрессиялық сынуын анықтады.

Науқастың жағдайын ескерген мамандар емдеуді екі кезеңмен жүргізу туралы шешім қабылдады. Алдымен нейрохирургтер омыртқа өзегіндегі қысымды азайту отасын жасап, кейін бел омыртқасын арнайы бекіту жүйесі арқылы тұрақтандырды.

Күрделі отаны нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Айдын Нүсіпқожаевтың жетекшілігімен нейрохирургтер Мұхтар Ибрагимов пен Алтай Анарбай жүргізді.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында дәрігерлер баланың қозғалу және сезіну қабілетін сақтап қалды.

"Біз баланың қозғалыс қызметін қалпына келтірдік. Оңалту курсынан кейін ол өздігінен жүре алады", – деді Айдын Нүсіпқожаев.

Қазіргі уақытта кішкентай науқастың жағдайы едәуір жақсарған. Стационарлық ем аяқталғаннан кейін ол үйіне шығарылып, амбулаториялық бақылау мен оңалту емін жалғастырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз