Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығының ғалымдары Ресей мемлекеттік кітапханасынан Ясауи тариқатының тарихы мен рухани іліміне арналған, бұған дейін ғылыми ортада аса мәлім болмаған XVII ғасырдағы сирек қолжазбаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылыми зерттеу Үкімет бекіткен Ясауитану саласын дамыту жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Хужжат әз-Закирин ли-радд әл-Мункирин" ("Зікірді терістеушілерге қарсы зікір етушілердің дәлелі") атты еңбек Мәскеуге ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысында табылды. Бұхарада жазылған бұл туынды – Ясауи мектебінің тарихын танытатын маңызды жазба дереккөздердің бірі.

Мәдениет және ақпарат министрлігіниің хабарлауынша, қолжазбада сопылық ілім, жария зікір дәстүрі және рухани сабақтастық мәселелері сөз болады. Аталмыш еңбекте Қожа Ахмет Ясауиден, Хакім ата мен Зеңгі атадан бастау алатын және тариқаттың кейінгі өкілдеріне дейін жалғасқан рухани шежіре жөнінде құнды мәлімет қамтылған.

"Бүгінде мамандар қолжазбаның ғылыми сипаттамасын әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта оның мәтіні белгілі нұсқалармен салыстырылып, мәтінтанулық талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері ғылыми айналымға енгізілмек", – делінген хабаламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне құнды сыйлық жасаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды

Қостанай облысында Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 соқтығысып, бір адам қаза тапты