Ердоған Ясауи кесенесіне ерекше сый жасады

Ердоған Ясауи кесенесіне ерекше сый жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 19:01 Сурет: akorda.kz
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне құнды сыйлық жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ердоған кесенеге османдық каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан Құранды сыйлады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған еді.

Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: