Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 17:15 Сурет: Instagram/sadriddin_____soq
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 12 KO) кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санта-Инезде (АҚШ) өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде отандасымыз америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-6, 7 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланды. Алайда Садриддин 7-раундта қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлады kazinform.

Осылайша, Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісін тойлады. Ал Игбокве алтыншы рет жеңілді.

Аталған турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастырса, қазақстандық боксшыны жекпе-жекке Генадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес дайындады.

Ұзақ үзілістен кейін боксқа қайта оралған Садриддин Америкада екінші жекпе-жегін өткізіп отыр. Бұған дейін қазақ боксшысы Канадада жаттығып, сол елде өнер көрсетіп жүрді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: