Сирияда қарулы топ Башар Асадтың әкесі жатқан кесенеге баса-көктеп кірді

Қарулы топ, Сирия, Башар Асадтың әкесі, кесенесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 20:51 Сурет: Х/YaserAbdulrahim
Латакияда (Сирия) қарулы топ Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың әкесі Хафез Асад жатқан кесенеге баса-көктеп енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 11 желтоқсанда Annahar басылымы жазды.

1971 жылдан 2000 жылға дейін ел билеген Хафез Асадтың қабірі елдің солтүстік-батысындағы Кардахта орналасқан. Кесенеде онымен бірге жол апатынан қаза тапқан жұбайы мен үлкен ұлы Басил Асад та жерленген.

Бұған дейін президент қызметінен босатылған Башар Асадтың отбасы Мәскеуге бас сауғалап келгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: