Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 41 нысан сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес заңсыз құрылысқа тосқауыл қою және қала құрылысы талаптарының сақталуын бақылауды күшейту жұмыстары жалғасуда.

2026 жылдың басынан бері заң талаптарын бұза отырып салынған 41 нысан толық немесе ішінара сүрілді. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.

Қазіргі уақытта Алматының Әділет департаментінде заңды күшіне енген 74 сот шешімі орындалу сатысында тұр. Олар заңсыз салынған нысандарды толық немесе жартылай сүріп тастауды көздейді.

Жыл басынан бері басқарма 1072 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 383,9 млн теңгеге айыппұл салынып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 432 нұсқама берілді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін 43 ұйым жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, техникалық қадағалауды тиісті деңгейде жүргізбегені үшін 40 ұйым мен техникалық қадағалау маманына қатысты шара қолданылды. Бұдан бөлек, 148 жобалау ұйымы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 32,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы