Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары толықты

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы хайуанаттар бағында бірден тотықұстың екі түрі балапан басты.

Соңғы жылдары алғаш рет хайуанаттар бағында ала розелла тотықұстарынан балапан алынды. Мамыр айында осы жұп бес балапан басып шығарды. Бұл хайуанаттар бағы үшін айтулы оқиға. Ол құстарға қолайлы күтім, дұрыс азықтандыру және көбеюіне қажетті жағдайдың жасалғанын көрсетеді.

Тағы бір қуанышты жаңалық – кіші сақиналы тотықұстар жұбы мамыр айында үш балапан басып шығарды. Бұл құстар бірнеше жылдан бері тұрақты түрде ұрпақ өрбітіп келеді. Былтыр олар екі балапан басса, биыл ақпанда және мамырда екі рет балапан басып шығарды.

"Балапанның шығуы – олардың өзін жайлы сезінетінінің басты көрсеткіштерінің бірі. Әсіресе, ала розелла тотықұстарының балапан басуы біз үшін ерекше қуанышты жаңалық. Бұл құстарды құнарлы азықпен қамтамасыз етіп, тұрақты ветеринарлық бақылау жүргізіп, табиғи ортаға барынша жақын жағдай жасап жүрген мамандарымыздың күнделікті еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да қанатты мекендеушілеріміз бізді жаңа балапандарымен қуанта береді деп сенеміз", – деді Алматы хайуанаттар бағының экзотикалық құстар бөлімінің жетекшісі Айжан Сыбанбекова.

Құстардың әр түрінен балапан алынуы Алматы хайуанаттар бағы мамандарының жануарларды күтіп-бағу, көбейту және сақтау бағытындағы жұмысының тиімділігін дәлелдейді. Қолайлы орта, дұрыс азықтандыру және кәсіби күтім олардың табиғи жолмен көбейіп, өсіп-өнуіне мүмкіндік беріп отыр.

Алматы хайуанаттар бағы биологиялық алуан түрлілікті сақтауға, жануарларды көбейту бағдарламаларын дамытуға және хайуанаттар бағында өсірілетін түрлердің генетикалық тұрғыдан тұрақты популяциясын қалыптастыруға бағытталған жұмысты жалғастырып келеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды