Алматыда бизнес бастағысы келетіндерге 1,7 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі

Фото: akorda.kz
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтардың жаңа бизнес идеясын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 10 тамызда қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпарға сүйенсек, өтінім 2026 жылдың 24 маусымы мен 8 шілдесі аралығында қабылданды. Осы кезеңде барлығы 377 өтінім келіп түскен. Комиссия отырыстары 13-21 шілде аралығында өтті.

"Мемлекеттік гранттың көлемі 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 1 730 000 теңге. Қаражат кәсіпкерлік жобаларды бастауға және дамытуға бағытталады". Алматы қаласы әкімдігі

Қолдау тапқан бизнес жобалардың қатарында:

"Грант иегерлерінің басым бөлігі көпбалалы отбасылардың өкілдері, жалпы саны 103 адам. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар 28 азаматқа, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 27 азаматқа, сондай-ақ асыраушысынан айырылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға грант беру мақұлданды". Алматы қаласы әкімдігі

Белгілі болғандай, комиссияның қабылдаған шешімдері қатысушылардың business.enbek.kz порталындағы жеке кабинеттеріне жолданды.

Грант беру мәселесі бойынша қосымша ақпаратты Алматының Еңбек мобильділігі орталығынан алуға болады. Мекенжайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85, 2-қабат.

Бұған дейін Алматыда сегіз автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды