Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам қайта көлік тізгіндеген

Фото: pexels
9 тамыз күні Хромтау қаласындағы Абай даңғылы бойында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Geely автокөлк жүргізушісін тоқтатты. Рөлде 41 жастағы ер адам отырған.

Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Алайда бұл тыйым оның көлік тізгініне қайта отыруына кедергі болмаған көрінеді. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші қайтадан алкогольдік масаң күйде болған. Яғни, жүргізуші құқықтан айырылғанына қарамастан, тағы да рөлге отырып, бұл жолы патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Жүргізуші бір қателікті "екінші рет қайталамаймын" деген қағиданы емес, "тағы бір рет байқап көрейін" деген жолды таңдаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлері ескертеді: көлік басқару құқығынан айырылу — уақытша үзіліс емес, заң талабын орындау міндеті. Ал алкоголь ішіп алып рөлге отыру — әзілге айналмайтын, өзіңіздің де, өзгелердің де өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекет.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты