11 тамыздан бастап Алматыдағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде қозғалыс өзгереді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда бүгін, 2026 жылғы 11 тамызға қараған түннен бастап Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі шектеудің жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілетінін хабарлады.

"Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады", – делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері жолдың толық жабылмайтынын атап өтті.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жылдамдық режимін және уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтау сұралды.


"Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы тұрғындары мен қонақтарына 2026 жылғы 14 тамызда рэпер Канье Уэстің концертіне байланысты қалада ауқымды өзгерістер болатыны ескертілген еді. Өзгерістер бірқатар жол мен қоғамдық көлік қозғалысына қатысты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады