Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.
"2026 жылғы 12 тамызда Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында, ал түнде Семей мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген синоптиктердің ескертуінде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оған желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай кезде тұрғындарға, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада ұзақ жүрмеу ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін, 2026 жылғы 11 тамызда Өскемен, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.