Әлеуметтік желідегі видеосы үшін айыппұл арқалады

Фото: unsplash
Қызылордада лифтіде пранк ұйымдастырған жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 12 тамызда Қызылорда облысының Полиция департаменті мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері лифтіде өз танысымен сөзге келіп қалған азаматтың видеосын анықтады. Кейін жанжал төбелеске ұласқан. Олардың әрекеті лифтіде болған басқа адамдарға қауіп төндірген. Видео соңында азаматтар болған жағдайдың пранк екенін айтқан".

Аталған дерек бойынша Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғыны Қасымбек Нұрсұлтан полицияға жеткізіліп, әрі қарай іс сотқа жолданды.

Соттың шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.

Полиция қызметкерлері мұндай "әзілдерге" жол берілмейтінін ескертеді және азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контент жариялаған авторлардың есімдерін профилактикалық мақсатта ғана жариялап, оларды ашық көрсетуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл тұста ведомство өкілдері желі белсенділерінің "лайк, қаралым және донат үшін әдейі рұқсат етілген шектен шыққанын" атап өтті.

Айтуларынша, құқық бұзған блогерлер тікелей эфирлерде, соның ішінде TikTok-тегі стримдерде, "балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсетіп, қауіпті пранктер ұйымдастырып, адамдарды қорлаған".

Кейін Қазақстан полициясының әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контент жариялаған авторларға қандай шара қолданғаны белгілі болды. Атап айтқанда, TikTok пен Instagram-дағы видеоларына байланысты Семей, Алматы облысы, Түркістан облысы, Астана және Тараз қаласының тұрғындары қамауға алынған.

Ал Жамбыл облысындағы стример қызды ем алу үшін психикалық денсаулық орталығына жатқызуға туракелген.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды