Қызылордада жастар күні Open Air концертімен қорытындыланды

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қызылорда қаласының орталық алаңында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған жастар онкүндігі қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онкүндік "Жастармен бірге!" атты ауқымды Open Air форматындағы мерекелік концертпен түйінделді.

Ашық аспан астында өткен мерекелік кешке 12 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар жиналды.

Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қатысып, өңір жастарын мерекемен құттықтады.

"Жастар – елдің ертеңін күтетін буын ғана емес, бүгінгі қоғамның қозғаушы күші. Мереке қарсаңында соңғы он күн ішінде өңірімізде жастардың білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілетін шыңдауға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл – жастар саясатының бір күндік науқаны емес, жүйелі әрі тұрақты бағыт екенін көрсетеді. Сыр жастары қай кезде де елдік бастамалардың бел ортасынан табылып келеді", – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастар мерекесіне арналған онкүндік аясында өңір жастарының басын қосқан қоғамдық, мәдени, спорттық, шығармашылық және танымдық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Басты назар жастардың белсенділігін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, "Таза Қазақстан", "Заң мен тәртіп", "Адал азамат" қағидаттарын насихаттауға арналған мазмұнды кездесулер мен түрлі акциялар, интеллектуалдық ойындар, пікірталас алаңдары және шығармашылық жобалар өткізілді.

Аталған бастамалар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

Кеш барысында жергілікті өнерпаздармен қатар, қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары MYNBAY, Қайрат Түнтеков және Досбол Нұрылла өнер көрсетіп, көпшілікке танымал әндерін орындады. Танымал орындаушылардың өнері мерекелік кештің ажарын ашып, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік Қызылордадағы ауқымды "Жастармен бірге!" Open Air концертімен қорытындыланып, жас буынның жалынды үні мен шығармашылық қуатын, белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйін тоғыстырған жарқын мерекеге айналды.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Шынар Ақпарова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды