Дрондар жолдағы тәртіпті әуеден бақылауда: Абай облысында рейдтер күшейтілді

Фото: unsplash
Абай облысының автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары заманауи технологиялардың көмегімен күшейтілуде.

Полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қозғалыс барысын әуеден бақылауда. Дрондар жолдағы жағдайды жоғарыдан бақылап, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпті маневр жасау және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Әуеден бақылаудың басты артықшылығы — жолдың кең аумағын бір мезетте қамту. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттырып қана қоймай, қауіпті жағдайлардың алдын алуға да мүмкіндік береді. Әсіресе, қарсы бағытқа шығу секілді ережені өрескел бұзу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Бір ғана қате маневр бірнеше адамның өміріне қауіп төндіреді.

Сондықтан жолдағы әрбір әрекеттің артында адам өмірі мен қауіпсіздігі тұрғанын естен шығармаған жөн. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, басып озу кезінде аса мұқият болуға және жол жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдауға шақырады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыдағы Достық даңғылынан басталатын Құрмет көшесі алты күнге жабық