Әкімдік мәліметінше, алматылықтар күн сайын түрлі коммуналдық мәселелерге тап болады. Олардың қатарында:
- су немесе электр қуатының өшуі;
- көшедегі жарықтың істемеуі;
- ауланың тазаланбауы;
- жол жөндеу жұмыстарының созылып кетуі;
- қоғамдық көлікке қатысты мәселелер бар.
Қажет кезде қайда хабарласу керегін іздеп жүрмеу үшін пайдалы байланыс нөмірлері көрсетілген жадынаманы сақтап қоюға кеңес берілді.
Алматылықтар қайда хабарласа алады: күнделікті қажетті байланыс нөмірлері
Бұған дейін, 2026 жылғы 19 тамызда Алматы әуежайының жаңғыртудан кейін өзгеретіні хабарланған еді. Жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұрғаны және жұмыстардың қашан аяқталатыны туралы қала әкімдігі мәлімдеді.