"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына бүгін далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді. Бұған екі қалада күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.


"2026 жылғы 24 тамызда Ақтөбе қаласында күндіз, ал Атырау қаласында түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген синоптиктер ескертуінде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына желсіздік, баяу жел, тұман және инверсия жатады.

Мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ұзақ жүрмеу ұсынылады. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттары бар азаматтар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Айта кетейік, 2026 жылғы 23 тамызда да Ақтөбеде күндіз, ал Атырауда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған болатын.

Қазақстан
Ақтөбе
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді