"Қазгидромет" Алматы, Ақтөбе, Атырау және тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның алты қаласының тұрғындарына далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы синоптиктер ескертті.


"2026 жылғы 28 тамызда Алматы, Ақтөбе, Балқаш қалаларында, ал түнде Атырау, Қарағанды және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсияның үйлесуі.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында далада ұзақ жүрмеуге кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

2026 жылғы 27 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы мен Ақтөбеде, түнде Атырауда болады деп болжанған еді.

Қазақстан
Ақтөбе
Атырау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды