Миллиондар тігілген: Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер құмар ойын үшін жазаланды

Фото: unsplash
Ақмола облысында құмар ойындар мен бәс тігуге қатысқан мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның мән-жайын бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда облыстық прокуратура мәлімдеді.

"Шортанды ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысқанын анықтады. Мемлекеттік қызметшілердің бірі букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккен. Оның ойын шотына салған қаражатының жалпы сомасы 5,7 млн теңгеден асты", – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының талаптары бұзылғаны анықталды.


"Прокуратура қадағалау актісін енгізді. Оны қарау қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылды", – деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 20 тамызда жеке сот орындаушыларының құмар ойындарға шамамен 180 млн теңге жұмсағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы