"Топ болып шабуылдап, тепкілеген": Астанада түнгі клуб маңында қызды ұрып кеткен

Фото: pexels
Астанада полиция қаладағы түнгі клубтардың бірінің маңында қызды аяусыз ұрып-соғу фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының әрекет етуіне Threads әлеуметтік желісінде welobeee атымен тіркелген астаналық қыздың жазбасы себеп болған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, ол клуб ішінде болған қарапайым жанжалдан кейін бір топ адамның шабуылына ұшыраған.

Оның сөзінше, оқиға 15 тамызда клубта басталған. Қыз келушілердің бірін байқамай қағып кетіп, бірден кешірім сұраған. Алайда ер адамның қасындағы қыздар оған агрессия танытып, тіл тигізген. Кейін ер адам да сөзге араласқан.

Қауіпсіздік қызметкерлері араласқанымен, жанжал мұнымен тоқтамаған. Клуб жабылатын таңғы сағат алты шамасында әлгі топ қызды сыртта күтіп тұрған.

"Топ болып шабуылдап, ұрып-соғып, видеоны Telegram-ға таратқан: осы "батылдықтың" кейіпкерлерін іздеп жатырмын. Мекеменің камераларынан мені жерге құлатып, денемнен тепкілеп, шашымнан сүйрегендері анық көрінеді. Салдарынан денемнің барлық жерінде көгерген жерлер пайда болып, миым шайқалды. Осы уақыт бойы күзет қызметкерлері оларды менен күштеп ажыратып отырды, бірақ ең қорқыныштысы кейін басталды. Осы "ер адам" мені видеоға түсірген. Видеода оның құрбылары жерде жатқан мені ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Содан кейін ол видеоны мақтанышпен Telegram-дағы арналар мен пабликтерге тарата бастаған", – деп жазды жәбірленуші 1 қыркүйекте әлеуметтік желіде.

Қыздың айтуынша, шабуыл жасағандар онымен байланысқа шығып, полицияға жазған арызын қайтарып алуға көндіруге тырысқан. Олар іс бойынша ешқандай шара қолданылмайтынын айтқан.

Қоғамда резонанс тудырған жазбаға Астана қаласыпПолиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Бұл құқық бұзушылықты жасауға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады 1 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды