Алматының Медеу ауданында жүргіншілер аймағы көркейтіліп, суару жүйесі жаңартылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге бағытталған екі жоба жүзеге асырылды.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында "Халық Арена" спорт кешенінің аумағында автоматты суару жүйесі орнатылды. Жалпы 4 мың метр автоматты суару жүйесі монтаждалып, 2,5 мың метр желі тартылды.

Жаңа жүйе жасыл желекті тұрақты суаруға және су ресурсын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тағы бір жоба Оспанов көшесінде жүзеге асырылып, жүргіншілер аймағын көркейту жұмыстары аяқталды. Мұнда 150 шаршы метр асфальтбетон жабыны және 480 шаршы метр кеспетас төселді. Сондай-ақ, 1 650 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, сыртқы жарықтандыру бағаналары орнатылды.

Атқарылған жұмыстар Медеу ауданындағы жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық кеңістіктердің жайлылығын арттыруға бағытталған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады