Жаңаөзенде көлік ішінде газ баллон жарылды

Фото: pexels
Жаңаөзенде кенеттен көлік өртеніп, кейін оның ішінде орнатылған газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 7 қыркүйегінен 8 қыркүйегіне қараған түні "Мерей" шағынауданында болған. Құтқарушылар көліктегі өртті сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі газ жабдығы орнатылған көлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды:

Өрт немесе газдың шығуын байқасаңыз, бірден 112 нөміріне хабарласыңыз. Егер бұл сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндірсе, өртті өз бетіңізше сөндіруге тырыспаңыз.

2026 жылғы 4 қыркүйекте мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізушілердің көлікті қауіпсіз басқаруына кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды