Солардың бірі азаматтық пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салу. Мұны Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.
Жаңа талап Алматы қаласының Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында қарастырылған. Құжаттың 51-тармағына сәйкес, төмен шығарындылар аймағында азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды қолдануға тыйым салынады. Бұл шектеу тұрғындар еркін сатып ала алатын петарда, отшашу, салют және басқа да пиротехникалық өнімдерге қатысты болады.
Дегенмен бұл норма Алматының барлық аумағында бірден қолданылады дегенді білдірмейді. Шектеу тек төмен шығарындылар аймағының шекарасы белгіленгеннен кейін сол аумақта күшіне енеді.
LEZ шекарасы Алматы әкімдігінің жеке қаулысымен бекітіледі. Қаулы қабылданып, аймақтың нақты шекарасы белгіленген соң пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға қойылатын талап сол аумақта қолданылады. Осылайша, 2027 жылы 8 қаңтардан бастап Қағидалардың тиісті нормасы күшіне енеді, ал оның нақты қолданылуы төмен шығарындылар аймағының шекарасы бекітілуіне байланысты болады.
Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында бұдан бөлек, ауа сапасын жақсартуға бағытталған басқа да экологиялық шаралар қарастырылған. Олар автокөліктерге, қатты және сұйық отынды пайдалануға, сондай-ақ кейбір нысандар мен шығарындылар көздеріне қойылатын талаптарды қамтиды.