Алатау қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру қағидалары бекітілді

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін тегін меншікке алу үшін арнайы есепке қою және кезектен тең мәнді орын беру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы есепке қою мына құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

Құжатта Алатау қаласының аумағына кіретін елді мекендерде бұрын қалыптастырылған кезектегі орындар азаматтардың өтінішхаты бойынша елді мекен санатына сәйкес кезек жүргізілетін Қазақстан облыстарына ауыстырылып, арнайы есепке қойылатыны көрсетілген.

Кезектегі орны қалпына келтірілуге тиіс азамат кезектен тең мәнді орын беру туралы өтінішті жергілікті атқарушы органға тапсырады.

Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

Алатау қаласының аумағындағы елді мекендерде бұрын есепке қойылғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан азаматын кезекте тұрғандар тізіміне өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қалпына келтіреді.

Оң қорытынды жасалғаннан кейін ЖАО өтініш берген азаматқа оның кезектегі орны ауыстырылғаны туралы хабарлайды.

Жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш иесіне дәлелді бас тарту жібереді.

Азаматты кезекте тұрғандар тізіміне қалпына келтіру туралы жазба жер учаскесін алуға кезекке қойылғаны туралы хабарламаның негізінде Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесіне (/R) белгісі арқылы енгізіледі.

Қазақстан азаматының тең мәнді кезектегі жаңа реттік нөмірі алғаш рет есепке қойылған күніне қарай айқындалады.

Кезектегі орын ауыстырылған кезде өтініштің бастапқы берілген күні, есепке қою негізі және елді мекеннің санаты сақталады.

Бірнеше адамның кезекке қойылған күні сәйкес келген жағдайда, кезектегі реттілік өтініштің тіркелген уақытына – сағаты мен минутына, одан кейін өтініштің тіркеу нөміріне қарай белгіленеді. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, кезек ЖАО қызметкерінің қатысуынсыз, нәтижелерді тіркей отырып, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі арқылы автоматты түрде айқындалады.

Тиісті аумақтардың жергілікті атқарушы органдары Алатау қаласының аумағындағы елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін тегін алу кезегінде тұрған азаматтарға кезектен тең мәнді орын беруді қамтамасыз етеді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіліп, 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады.

Алатау – 2024 жылғы қаңтарда Жетіген ауылының негізінде құрылған Алматы облысындағы облыстық маңызы бар жаңа қала.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді