"Өте сирек әрі құнды кадрлар": Алматының түнгі аспанында ғарыш кемесі түсірілді

Сурет: Instagram/dots_foto
Белгілі фотограф Алматыда 2026 жылғы 16 қыркүйекте Байқоңырдан ұшырылған "Прогресс МС-35" ғарыш кемесінің көкке көтерілген сәтін түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дмитрий Доценко Алматы тұрғындары үшін ғарыш кемесінің ұшырылуын өз көзімен көру өте сирек кездесетін мүмкіндік екенін атап өтті.

"Бұған сену қиын, өйткені Алматы мен Байқоңырдың арасындағы тікелей қашықтық 1000 шақырымнан асады. Алайда зымыран күн батқаннан кейін бірден ұшырылғандықтан, бүгін "медуза" деп аталатын құбылысты көрудің сәті түсті. Бұл құбылыс зымыраннан шыққан газдар үлкен биіктікте көкжиектен батып кеткен Күннің сәулесімен жарықтанған кезде пайда болады. Жер бетінде түн түсіп қойғанымен, жүздеген шақырым биіктікте күндізгі жарық әлі сақталады. Зымыран Алматының символы – Көктөбе телемұнарасының дәл артынан өтетіндей етіп, түсірілім орнын алдын ала есептеп қойдым. Есебім дәл келді, ауа райы да қолайлы болды", – деп жазды фотограф.

Нәтижесінде ол ғарыш кемесінің ұшырылған сәтін Алматыдан тамашалап, фото және видеоға түсіріп алды.

"Өте сирек әрі құнды кадрлар", – деп атап өтті Доценко.

"Прогресс МС-35" жүк кемесі тиелген "Союз-2.1б" зымыран тасығышы Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Оның "Поиск" модулімен түйісуі 19 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 18:46-ға жоспарланған.


"Прогресс" Халықаралық ғарыш станциясына 2,4 тоннадан астам жүк – отын, су, оттегі, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жабдық жеткізеді. Жүк құрамында жеті ғылыми тәжірибеге арналған жабдықтар да бар. Олардың қатарында адам бейнесіндегі роботты қашықтан басқаруға бағытталған "Теледроид" тәжірибесі бар.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді