АҚШ-қа тікелей рейс ашуға бір қадам жақын: Қазақстанда авиациялық қауіпсіздікті бағалау басталды

Фото: unsplash
2026 жылғы 21-25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) IASA бағдарламасы бойынша ұшу қауіпсіздігіне халықаралық бағалау жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бағалау барысында Қазақстанның авиация билігінің ұшу қауіпсіздігін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес мемлекеттік бақылауда ұстау мүмкіндігі тексеріледі.

FAA сарапшылары Қазақстанның авиациялық заңнамасын, нормативтік-құқықтық базасын, сондай-ақ сертификаттау және қадағалау жүйесін зерделейді.

Бағалау Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Оған Көлік министрлігі, Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның Авиация әкімшілігі және еліміздің АҚШ-тағы елшілігі бірлесіп дайындалған.

24 қыркүйекте FAA сарапшылары Астанадағы Air Astana әуе компаниясының кеңсесіне де барады. Бұл сапар әуе компаниясының коммерциялық тасымалдарды жүзеге асыру үшін АҚШ Көлік министрлігінің рұқсатын алуға берген өтініміне байланысты. Алайда сапар Air Astana компаниясына жүргізілетін инспекциялық тексеру болып саналмайды.

"Бағалау қорытындысы бойынша FAA Қазақстанның Авиация әкімшілігімен брифинг өткізіп, кейін жазбаша есеп ұсынады", – делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Қазақстанға CAT 1 санатының берілуі азаматтық авиация қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалаудың ұлттық жүйесі ИКАО стандарттарына сай деп танылғанын білдіреді. Дегенмен CAT 1 санаты АҚШ-қа рейс орындауға автоматты түрде рұқсат бермейді. Ол үшін әуе компаниялары АҚШ заңнамасында көзделген басқа да рәсімдерден өтуі керек.

Бұған дейін түркиялық SunExpress әуе компаниясы Измир – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады