Алайда Джеки Чан іске кіріскенде, жай ғана жағдайдың өзі нағыз шытырман оқиғаға айналып кетуі әбден мүмкін. Жаңа науқанның алғашқы бейнеролигі 22 қыркүйекте шығады.
Жарнамалық науқан туралы идея Джеки Чан Kaspi.kz-пен танысқаннан кейін пайда болды. Компанияның басшысы әрі негізіін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Джеки Чанға Kaspi.kz-тің сүйікті клиенттерінің бірі болуды ұсынып, оған атаулы Kaspi Gold картасын сыйға тартты. Сондай-ақ, актер Қазақстанда "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильміне түсіп жатыр. Kaspi.kz бұл фильмнің бас серіктесі.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі әрі негізін қалаушылардың бірі:
"Джекидің сүйікті клиенттеріміздің қатарын толықтырып қана қоймай, жаңа жарнамалық науқанымыздың кейіпкері болғанына өте қуаныштымыз. Бұл оқиға клиенттерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеміз. Тамашалап, жақсы әсер алыңыздар!"
Жәкежанның Қазақстандағы келесі күні қалай өтетінін науқан авторлары әзірше айтпай отыр.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттер мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер әзірлеу.
Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтехті, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті қолданылатын басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-дың иесі.