"Қан тамырларына ұқсайды": Алматы тауларының үстіндегі сирек найзағай кадрға түсті

Фото: pixabay
Белгілі фотограф Дмитрий Доценко оқырмандарын тағы да таңғалдырды. Ол 2026 жылғы 22 қыркүйекте Алматы тауларының үстіндегі аспанды тұтас қамтыған алып найзағайдың суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доценконың айтуынша, биыл найзағай ойнаған күндер көп болмаған. Соған қарамастан ол бірнеше қызықты кадр түсіріп үлгерген.

Фотографтың Instagram желісінде жариялаған панорамалық суретінде түнерген аспанды тілген алып найзағай көрінеді. Ол тау шыңына түсіп, тауларды ерекше, тіпті тылсым реңкке бөлеген.

"Көрініс керемет болды! Осы сәтті фотоаппаратқа түсіріп үлгергенімді түсінгенде қатты қуандым", – деді Дмитрий Доценко.

Фотограф найзағайдың шамамен қанша қашықтықта болғанын қалай анықтағанын да айтып берді.

"Найзағай жарқ еткеннен кейін фотоаппараттың қақпағы жабылды, мен секундтарды санай бастадым: бір, екі, үш… 15-секундта күннің бәсең күркірегенін естідім. Осы арқылы найзағайға дейінгі қашықтықты шамамен анықтауға болады. Дыбыс секундына шамамен 340 метр жылдамдықпен таралады, яғни 15 секундта бес шақырымдай жол жүреді. Бұл – найзағайдың өзіңнен қаншалықты алыста екенін бағалаудың бұрыннан белгілі тәсілі", – деді Дмитрий Доценко.

Фотографтың оқырмандары оның жұмыстарына таңданыстарын білдірді:

Желі қолданушыларының бірі суреттің қашан түсірілгенін сұрады.

"Биыл жазда, маусым айында түсірдім. Таудағы сайларда қардың қалдығы әлі көрініп тұр", – деп нақтылады Доценко.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Тұрғындар оны көріп, тіпті кадрға түсіріп үлгеруі ықтимал.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді