Алматыда тұмауға қарсы вакцина егу басталды: нені білу керек

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда тұмауға қарсы маусымдық вакцина егу басталды. 2026 жылғы 12 қазанда қаладағы №36 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Дильдора Кенжаева тұмаудың алдын алу шаралары мен екпені кімдер тегін ала алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігердің айтуынша, қауіп тобына жататын азаматтарға вакцина тегін егіледі.

"Ең алдымен, бұл — балалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан адамдар, созылмалы аурулары бар науқастар және медициналық көрсетілімдерге сәйкес өзге де санаттағы азаматтар", – деді дәрігер.

Қауіп тобына жататыныңызды және екпені қай жерде алуға болатынын нақтылау үшін өзіңіз тіркелген емханаға жүгіну қажет.

Маманның айтуынша, вакцинация — тұмаудың алдын алу тәсілдерінің бірі. Ол ауруға шалдығу және оның асқыну қаупін азайтуға көмектеседі.

9 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде A(H1N1)pdm09 маусымдық тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелгенін хабарлады. Оның үшеуі Астанада, екеуі Маңғыстау облысында анықталған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін