Бұл туралы Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланды.
"Пушкин көшесінде жол жабынына орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 12–18 қазан аралығында күн сайын сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін көшенің Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігі уақытша жабылады", – делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.
Ал күндіз аталған учаскеде көлік қозғалысы ашық болады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және балама бағыттарды алдын ала жоспарлау сұралды.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына және жөндеудің технологиялық үдерісіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Бұған дейін Алматы әкімдігі Саин көшесінде SkyTrain жазуы бар қоршаулардың пайда болу себебін түсіндірген еді.