Әсел Жанәбілова Қазақстан азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқығы бар екенін атап өтті.
"Мәслихат депутаты болып сайлану үшін азамат мынадай талаптарға сай болуы керек. Ең алдымен, ол Қазақстан Республикасының азаматы болуы және 20 жасқа толуы қажет. Сондай-ақ сайлау құқығына ие болуы және тек бір мәслихаттың депутаты болуы керек", – деді ол.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп сот таныған адамдар мәслихат депутаты болып сайлана алмайды.