Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға "Алатау" станциясында болған.
"Полицейлер көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген жабдығының көмегімен тексеру жүргізді. Жолаушының сөмкесінен калибрі 5,45 миллиметрлік екі патрон табылып, тәркіленді", – делінген хабарламада.
Ер адам ұсталып, процестік шешім қабылдау үшін Бостандық аудандық полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
2026 жылғы қыркүйекте осы станцияда қалтасынан заңсыз зат салынған түйіншек табылған жолаушы ұсталған еді.