Geely көлігінен мефедрон табылды: Қазақстанда есірткі жеткізудің ірі арнасы әшкереленді

Сурет: ІІМ
Жетісу облысының полиция департаменті Ішкі істер министрлігі мен Астана қаласының полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, елордадан Талдықорғанға психотроптық заттардың ірі партиясын жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі жеткізуге дайындық туралы ақпарат жедел жолмен алынған.

Астанада полиция қызметкерлері Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны басқарған Geely көлігін тоқтатқан.

"Көлікті тінту кезінде артқы жолаушылар орындығының қаптамасының астынан ұнтақ тәрізді зат салынған екі түйіншек табылды. Тергеу барысында 2 келі 148 грамм мефедрон және 506 грамм α-PVP тәркіленді", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 14 қазанда.

Алайда жедел іс-шаралар мұнымен аяқталған жоқ.

Кейінгі іс-шаралар барысында ұсталған азамат кінәсін мойындап, одан әрі таратуға арналған есірткі жасырылған болуы мүмкін орынды көрсетті. Аталған аумақты тексеру кезінде полицейлер салмағы 992 грамм болатын тағы бір α-PVP салынған түйіншекті тапты.

"Осылайша, заңсыз айналымнан одан әрі таратуға арналған жалпы салмағы 3 келі 646 грамм психотроптық зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда отыр", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 1 қазанда Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылғаны белгілі болған еді.

Тараз
Талдықорған
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін