Түркия мен Вьетнамға виза алуды көздеген қазақстандықтар алаяққа 15 млн теңге берген

Фото: Zakon.kz
Шетелде демалуды жоспарлаған Астана тұрғындары миллиондаған теңгесінен айырылды. Елордада азаматтардан танымал елдерге виза рәсімдеуге көмектесемін деп ірі көлемде ақша жинап, кейін байланысқа шықпай кеткен 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 19 қазанда Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті жәбірленушілерді Түркия мен Вьетнамға кедергісіз әрі оңай шығуға көмектесетініне сендірген.

Ол "қызметі" үшін қомақты ақша алғанымен, қаражатты иемденгеннен кейін байланысқа шығуды тоқтатқан. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары алаяқтықтың алты дерегін анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, алаяққа сенген Астана тұрғындарына келтірілген шығын шамамен 15 млн теңгені құраған.


"Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов Таиландтың Қазақстанды қоса алғанда, 93 елдің азаматтарына арналған 60 күндік визасыз режим туралы шешімін не себепті қайта қарағанын түсіндірген болатын.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Солтүстік Қазақстан облысында көлік аударылып, үш әйел зардап шекті

Ақтауда Land Cruiser жүргізушісі екі адамды қағып кетті

Алматыда жеңіл көлік "ГАЗельмен" соқтығысты, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді