Қабан қасқырларды қуып жіберді: Бұйратауда қызықты сәт камераға түсіп қалды

Сурет: Экология министрлігі
"Бұйратау" ұлттық табиғи паркінде қабанның қасқырларды қуған сәті фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әдетте аңдар қасқырдан қашады. Алайда бұл жолы керісінше болған: қабан қасқырлардың соңынан тұра қуып, жыртқыштар қашуға мәжбүр болған.

"Жабайы табиғаттың өз мінезі бар. Кейде бір ғана тосын сәт кімнің батыл екенін бірден көрсетеді. Бұйратау ұлттық паркіндегі фототұзаққа түскен бұл көрініс табиғаттың тосынсыйға толы екенін тағы бір еске салады. Жабайы табиғатта бәрі үйреншікті тәртіппен бола бермейді", – деп атап өтті ҚР Экология министрлігі 2026 жылғы 21 қазанда.

"Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақмола облысының Ерейментау ауданы мен Қарағанды облысының Осакаров ауданы түйісетін аумақта орналасқан. Парктің жалпы ауданы – 88 968 гектар.

Жабайы қабан мен қасқыр – осы аумаққа тән жануарлар. Олар жергілікті орманды далада белсенді тіршілік етіп, парк инспекторларының бейнекамералары мен фототұзақтарына жиі түседі.

Бұған дейін Алматы облысындағы Шарын шатқалына орнатылған фототұзақ сирек кездесетін өзен кәмшатын түсіріп алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді