"Қазгидрометтің" мәліметінше, 22 қазанда Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер ауа температурасы –3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін, көктайғақ пен бұрқасын болатынын ескертті.