Оның айтуынша, қазір кезекте тұрғандар баспананың орналасқан жерін таңдай алады. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Әдетте оларға қала орталығынан алыс, мектеп, балабақша мен емхана жоқ аумақтарда салынған тұрғын үй кешендерінен пәтер берілетін.
"Қазір азаматтың ұсынылған баспанадан бас тартуға құқығы бар. Мысалы, Алматыда оған Наурызбай ауданынан пәтер ұсынылады, ал ол Медеу ауданында тұрғысы келеді. Сол ауданда тұрғын үйлер салынып жатқанын және алдағы уақытта баспана берілетінін біледі. Сондықтан ұсынылған пәтерден бас тартып, Медеу ауданындағы тұрғын үйлерді бөлуге қатыса алады", – деді ол.
Банк өкілі Алматыда болған жағдайды мысалға келтірді.
"Алматыда баспана 11 рет ұсынылған азамат бар. Ол 2011 жылдан 2026 жылға дейін кезекте тұрған, осы уақыт ішінде оған бірде-бір рет тұрғын үй ұсынылмаған. Ал соңғы екі айда оған бірнеше рет баспана ұсынылып, ауданы көңілінен шықпағандықтан, шартты түрде айтқанда, 11 пәтерден бас тартқан. Бірақ ақырында өздеріне қолайлы ауданды таңдап, баспана алды. Яғни қазір азаматтар баспананың орналасқан жерін таңдай алады", – деп атап өтті Азат Әшімов.
Бұған дейін ол мемлекеттен баспана алуға үміткер азаматтарды тексеру кезінде анықталған ерекше жағдайлар туралы айтқан болатын.