"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарға қалың қар түседі, ал шығыста бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Республикамыздың қалған аумақтарында айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.
Қазақстан бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, тұманның түсуі жатқызылады. Ал күндіз оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Сондай-ақ бірқатар өңірде күн суытып, үсік жүретіні болжанады (ауа температурасы: -1...-6°C):
- Жетісу облысында;
- Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және шығысында;
- Алматы және Түркістан облыстарының солтүстігінде;
- Қызылорда облысының солтүстігі мен орталық бөлігінде.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 23-25 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.