Алматыда қар жауып, түнде –6°С-қа дейін суытады: үш қалаға арналған үш күндік ауа райы болжамы

Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 16:24 Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Алматыда жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, түнде ауа температурасы –6°С-қа дейін төмендейді. Астанада жауын-шашын болмайды, алайда түнде –7°С-қа дейін суытады. Ал Шымкентте күн жауын-шашынсыз өтіп, ауа температурасы нөлден төмен түспейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 23–25 қазанға арналған ауа райы болжамында айтылған.

Астана

23 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз 0…+2°С болады.

24 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде –5…–7°С-қа дейін суытып, күндіз ауа температурасы +2…+4°С болады.

25 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз +6…+8°С болады.

Алматы

23 қазанда күн ала бұлтты болып, түнде жаңбыр мен жылбысқы қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні кей уақытта секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С болады.

24 қазанда күн ала бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 13 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы –2…–4°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді. Күндіз +3…+5°С болады.

25 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы –4…–6°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді. Күндіз +3…+5°С болады.

Шымкент

23 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +16…+18°С болады.

24 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +13…+15°С болады.

25 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +13…+15°С болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын соғатынын және түнде ауа температурасы –3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: