Астанада 413 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқтық әшкереленді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен жеті адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ сотқа тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері төрт жыл бойы азаматтарды жеңілдетілген бағдарламалар арқылы баспана алып беруге, сондай-ақ тиімді несие мен қаржыландыруға көмектесеміз деп алдаған.

"Өз қызметтерінің заңдылығына сендіру үшін күдіктілер кеңсе жалдап, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттарын рәсімдеген. Бұдан бөлек, олар клиенттерді мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда байланыстары бар екеніне сендірген", – деп хабарлады қадағалау органы 2026 жылғы 23 қазанда.

Қылмыстық топтың әрекетінен барлығы 51 адам зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 413 млн теңгеден асқан.

Айыпталушылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сараланған. Олар – қылмыстық топ жасаған ірі және аса ірі мөлшердегі алаяқтық, сондай-ақ ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету және қатысу.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада белгіленген мерзімде пәтер ала алмаған 275 үлескердің ісі бойынша сот шешімі шыққан болатын. Олардың талап-арыздарының жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құраған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады